з а т е с і м. т е х н и к а л ы қ. Электр тоғының бір секунд ішіндегі таза тербеліс қозғалысының жиілігі, тарауы. Кәдімгі ақ, қара түсті кескінді тарату үшін жиіліктің белгілі бір шамасы 6,5 миллион г е р ц жиілік керек. Осыған байланысты үш түрлі түсті жеке-жеке беретін болсақ, 19,5 миллион г е р ц жиіліктің керек екендігі байқалады (М.Бекбауов, Көгілдір.). 1. Г е р ц жиілік секундына бір амалдың орындалатындығын көрсетеді, яғни 1 герцтің өлшемі 1/сек (Қаз. тілі термин. Информатика.). Г е р ц неміс физигі Генрих Герцтің (Нirtz) атымен байланысты, 1887-1894 берілген атау (ҚҰЭ).