з а т е с і м. б и о л о г и я л ы қ. Будандастыру нәтижесінде өсімдік және жан-жануарлар ұрпағының өміршеңдігін, өнімділігін, өсімталдығын арттыру тәсілі. Будандастырудағы мақсат - г е т е р о з и с нәтижесінде тез жетілетін, бастапқы тұқымдармен салыстырғанда, 5-10 % қосымша салмақ беретін будандар алу (Құс өсіруші.). Г е т е р о з и с т і ң аса ірілік, күштілік, төзімділік, тағы басқа белгілері бірінші ұрпақ будандарынан айқын аңғарылады (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру.).