Глицерин

lat: Glıserın

грек тілі. з а т е с і м. м е д и ц и н а л ы қ. Медициналық, гигиеналық және техникалық мақсаттар үшін майлардан өндірілетін тәтті шырын тәріздес мөлдір сұйықтық; үш атомды спирт, майлардың негізі. Мен жауынгерлік жасақты ертіп, Преснядағы аптекке бардым да, г л и ц е р и н мен химикаттарды конфискелеп алдым (М.Қаратаев, Далада.). Гл и ц е р и н н і ң құрамында стеарин қышқылы басым болса, май қою немесе тоңазығыш келеді (Т.Мұсақұлов, Ботаника). Швед фармацеві Карл Шееле лимон, алма, көгерткіш қышқылдарды бірінші болып зерттеді, г л и ц е р и н д і тапты (С.Сұбханбердин, Өсімдік - дәрі.).