Гладиолус

lat: Gladıolýs

латын тілі. з а т е с і м. ө с і м д і к. Құртқашаш тұқымдасына жататын көпжылдық түйнекті баданалы өсімдік. ...Мұндай гүл шоғырын ирек гүл дейді, бұл жылан-қияқтарда, сарталдақта, г л а д и о л у с т а, басқа да өсімдіктерде кездеседі (Т.Мұсақұлов, Ботаника). Г л а д и о л у с т а р жаз бойы гүлдейтін, гүлдері ірі, алуан түрлі түйнек жуашықтары бар көпжылдық биік өсімдік (С.Тұрдиев, Үй өсімдік.). Г л а д и о л у с терең жыртылтан (25-30 см) саздық және құмдық топырақты жерлерге егіледі (ҚҰЭ).