Гол

lat: Gol

ағылшын тілі. з а т е с і м. с п о р т. Футбол, хоккей және тб. командалъщ ойындардағы қарсылас қақпасына соққан әр доп, шайба үшін алатын ұпай. Не боп қалды деді жеңгей, бүйірден нұқып. - А... һа, «Қайратқа» ... Екі г о л салдым деді Толғанбай (Ғ.Қабышев, Мінездеме). Скандинавиялық ойыншылар алғашқы 15 минутта-ақ үш гол соққанда, ресейліктердің тек бір ғана г о л салуға шамалары жетті («Жас Алаш»). - Г о л, г-о-л! Қайда? Шабуылшыларында береке жоқ («Қаз. әдеб»). «Тараздың» алғашқы ойынын тамашалауға келген жанкүйерлер де г о л соғылмаса да, тең ойынды (0:0) ұтысқа балап, қол соғып қайтты («Жас Алаш»).