(грекше homoisos-сияқты және stasis- тұру, қозғалмау ) Өз-өзінен реттелетін күрделі жүйелерге тән және елеулі маңызы бар параметрлер жүйесін жол берілетін шекте сақтау үшін ұстап тұру болып табылатын динамикалық тепе-теңдік. «Гомеостазис» ұғымын америкалық физиолог У.Каннон енгізді, ол биологиялық организмдердегі толып жатқан Гомеостазистік процестерді суреттеп берді. Одан кейін бұл ұғым кибернетикада, психологияда, сциологияда т.б. ғылымдарда таралды. Гомеостазистік процестерді зерттеуді былайша бөлу көзделеді: 1. параметрлер, олардың едәуір өзгерісі жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін бұзады (мысалы, жоғары дамыған жануарлар қанының температурасы). 2. сыртқы және ішкі орташа жағдайларының әсерімен осы параметрлердің жол берілетін өзгерісінің шектері; 3. өзгермелі мәндер осы шектерден шығып кеткен жағдайжа жұмыс істей бастайтын нақты механизмдердің жиынтығы. Осындай механизмнің әрқайсысы мәнді параметрлердің өзгересін тіркеп отырады және тепе-теңдіктің бұзылған жағдайын қалпына келтіру бағытында кері байланыс принципі бойынша әрекет жасайды. Гомеостазистік процестерді зерттеу гетеростазис (Гомеостазис жүйелердің иерархиясын бейнелейтін параметрлердің азды-көпті мәндерге бөліну )және гомеорез (жүйенің даму процесінде мәнді параметрлердің заңды өзгереісін қамтамасыз ететін ішкі механизмдер) ұғымдарының жасалуына әкеп соқты.