Гомология

lat: Gomologıa

оmologia] з а т е с і м. 1. б и о л о г и я л ы қ. ағзадағы мүшенің өз құрылысын өзгертіп, әрқилы іс-әрекет атқару қасиетіне ие болуы (адамның қолы, құстың қанаты т.б.). Г о м о л о г и я - өсімдіктерде белгілі бір органның өз құрылысын өзгертіп, басқаша қызметке ие болуы (Т.Мұсақұлов, Ботаника). 2.г е о м е т р и я л ы қ. Түзу сызықтың түзулікте сәйкес келетініне негіз болатын жазықтық өрісіндегі нүктенің қалыпты көрінісі. Коллинеацияның мұндай түрі г о м о л о г деп аталады (М.Исқақов, Проект. геом.). Егер г о м о л о г и я центрі оның осінде жатпаса, онда ол гиперболалы деп, ал гомология центрі оның осінде жатса, онда гомология параболалық гомологи деп аталады (ҚҰЭ).