Гонорар

lat: Gonorar

латын тілі. з а т е с і м. Қаламақы. Бір жетінің ішінде «Қызыл ту» маған да г о н о р а р беріп қалар. «Қасқыр ізі» повесімді осы айдың нөміріне жібердік деген (І.Есенберлин, Шығ.). Г о н о р а р табамы деп қаламыңды қашанғы сүйреңдете бересің (С.Шай мерденов, Өмір нұры). Анада біздің мекемеде жарнаманы қысқартады, оның есесіне жазған ғылыми еңбекке г о н о р а р төлейді деген бір қаңқу тарап кеткен болатын (С.Шаймерденов, Өмір нұры).