PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint және т. б. форматтағы құжаттарды тауып беру мүмкіндігіне ие. Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дің негізін салады. Алғаш рет Google жекеменшік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин жэне Эрик Шмидт Google-де 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты - «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны - «Don't be evil» (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google, com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркелген. Google, сондай-ақ Gmail электронды поштасы қызметін және Orkut, Google Buzz және Google+ әлеуметтік желілер қызметін, Google Chrome веб-браузерін іске қосқан, Google Motorola Droid ұялы телефондарына, Samsung Galaxy смартфондар серияларына, сондай-ақ Google Chrome OS, 5 Samsung сериясына және Acer АС700 Android ұялы операциялық жүйесін қондырумен жұмыс жасауда. Қазіргі кезде Google-дің бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверлері және миллиардтан астам іздеу сұраныстары қызмет көрсетуде. Аіеха-ның тізімі бойынша, google.com сайты интернеттегі ең көп қолданылатын веб-сайт ретінде анықталған. Сондай-ақ YouTube (Аіеха: 3), Blogger (Аіеха:. 6), және Orkut сияқты Google-дің көптеген халықаралық жеке сайттары (Үндістанда google.co.in сайты, Ұлы Британияда google.co.uk сайты) ең көп қолданылады. 2011 жылы Google-re кірушілер саны 1 миллиардқа жетеді. Google атауын Сергей Брин берген. Бір қызығы, Google сөзінің жазылуында қате жіберілген. Бірге тіркелген жүз нөл дегенді меңзейді, яғни іздеу жүйесі халықты мол ақпаратпен қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Алғашында Google Стэндфорд университеті сайтында google.stanford.edu доменімен жұмыс істейді. 2001 жылдан бері Google көптеген компанияларға ие болады. 2004 жылы Google компаниясы Keyhole, Inc компаниясын иемденіп, Жердің 3D көрінісін беретін Earth Viewer деп аталатын өнімін шығарды.