[һоrizon (һоrizontos] з а т е с і м. г е о г р а ф и я л ы қ. 1. Көкжиек (аспан мен жер бетінің астасып көрінетін болжал сызығы; аспан мен жердің шектесуі; көкжиек). Күнбатыс жақ бейне бір г о р и з о н т т ы түгел өрт шалғандай қызыл алауланып, мұнартып тұр екен (Н.Баяндин, Құм асты.). Күн г о р и з о н т ы ең жоғарғы нүктеге көтерілгенде, яғни тал түсте, жылу арта түседі («Соц. Қаз). 2 г е о л о г и я л ы қ. Пайдалы қазылымдарды қазып алу кезінде арнайы жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланылатын және бір деңгейде орналасқан қазбалар жиынтығы. Г о р и з о н т т а р атқарылатын жұмыстарға қарай: тасымалдау (пайдалы қазылымдар мен бос таужыныстарды шахта оқпанына жүргізуге арналған), қайталап ұсату, қопарылған кенді блоктан түсіріп алу, оларды ысырмалап тиейтін және тасымалдайтын жерге жеткізу қазба жолдары болып бөлінеді (Қаз. Тілі термин. Кен.). Бұл - бұрғыланып жатқан жаңа г о р и з о н т. Мұның бүкілодақтық маңызы бар (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.). Қай г о р и з о н т т ы алмасаң да, ондағы тың блоктарды ашып, цикл беруде Әбсан ой-жігері араласпаған, Әбсан қолы тимеген кен қабаты жоқ та сияқты (Б.Тоқтаров, Қыран.).