Горизонтальды

lat: Gorızontaldy

с ы н е с і м. Көлбеу орналасқан, көлбеуленген. Сыртқы қабаттың клеткалары тағы да тангенталды жолмен бірнеше рет бөлінеді. Бұлар одан ормен радиалды және г о р и з о н т а л ь д ы жолмен бөлінудің нәтижесінде бұның өзінен үш қабат түзіледі (Т.Мұсақұлов, Ботаника). Не әдебиеттің дамуы вертикальды тіке түрде, не г о р и з о н т а л ь д ы көлбеу түрде дамыды деуге келеді («Қаз. әдеб»).