Городовой

lat: Gorodovoı

орыс тілі. з а т е с і м. тарихи. Патшалық Ресей кезіндегі қалалық полиция. Г о р о д о в о й л а р д ы ң қару-жарағын тартып алып, полиция бөлімдерінің тасталқанын шығардық (М.Қаратаев, Далада.). Крицкий алдында, екі г о р о д о в о й екі жағында мылтықтарын кезеп учительді сыртқа алып шыққан (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Медведьев қою мұртын қораздана сипап, г о р о д о в о й ғ а кіжіне қарап, шананың үстінде отырып тепкіленіп: сен, мощенник, г о р о д о в о й м ы с ы ң деді г о р о д о в о й ғ а (М.Дәулетов, Қызыл жар).