[француз тілі. gothigue] з а т е с і м. с ө у л е т . Еуропа елдерінің сәулет өнерінде XII ғасырдың II жартысы, XVII ғасырда кең өріс алған сәулет өнері стилі. Г о т и к а стилінде салынған ғимараттар зәулім биіктігімен, әсем нақыш, асқан сән-салтанатымен көз тартады (ҚҰЭ). Қала үйлері қызық: бірінде г о т и к а үлгісі жатса, енді бірі барокко мәнерлес, үшіншісінде қазіргі модернизм тұнып тұр (З.Қабдолов, Сыр.). Біреуі күмбезді шығыс ғимараттарына келеді, енді бірі жанышқы төбе боп тік өрілетін ортағасырлық г о т и к а, баракконың түрлі нұсқалары (С.Бердіқұлов, Пердесі.).