Гриф

lat: Grıf

[француз тілі. griffe] з а т е с і м. 1. Қол қою үлгісі немесе өзге қолжазба мәтіні бар мөр, штемпель және сол мөрдің, штемпельдің құжаттағы көшірмесі. Гриф - қол қоюдың үлгілік нұсқасы не әлдебір жазу кескінделген мөр, мөртаған (штампель), сондай-ақ осындай мөрді құжатқа басу (ҚҰЭ). 2. Құжаттың немесе басылымның ерекше пайдалану ретін білдіретін жазу, белгі. Автор кітапшаның бірінші бетіне «ұлы істің күрескерлері» деген гр и ф қойған («Қаз. Әдеб.»). Мыс., белгілі бір мамандарға арналған, көпшілікке жария етуге болмайтын құпия деректері бар басылымдарға, қүжаттарға, көбінесе, «қызмет бабында пайдалануға арналған» г р и ф і қойылады (ҚҰЭ).