аналық жыныс безіндегі сұйықтыққа толы қуысы бар жетілген фолликула. Сұйықтықтың құрамында жыныс гормондары болады. Грааф көпіршігінің ішінде арнайы төмпешікте жұмыртқа клеткасы орналасады. Сүтқоректілердің аналық безінің қыртысты қабатынан фолликулды ынталандырушы (ФЫГ) гормонының əсерімен дамиды. Жетілмеген Грааф көпіршігінде андрогендер көп болады, ал жетілген Грааф көпіршігінде прогестеронның, əсіресе эстрогеннің концентрациялары артады. Адамда, маймылда, кейбір басқа да сүтқоректілерде Грааф көпіршігі мен овуляцияға бір фолликула ғана жетеді. Овуляцияға дейін жете алмаған фолликулалардың басым бөлігі атрезияға ұшырайды. Əйел адамда аналық бездің беткі бетінде жұқарған қабырғасы бар дөңес түріндегі жетілген Грааф көпіршігі (диаметрі 10–20 мм) анық көрінеді. Менструалды цикл басталғаннан кейін 12–14 күнде ол жарылып, жұмыртқаклетка босап шығады. Жарылған Грааф көпіршігінің орнында сары дене түзіледі.