Градус

lat: Gradýs

латын тілі. з а т е с і м. м а т е м а т и к а л ы қ. Тік бұрыштың тоқсаннан бір бөлігіне тең, жазық бұрыштың өлшеу бірлігі. Біздің компастың тілшесі 101 г р а д у с т ы көрсеткенде, жүріп келген бағытымыз оңтүстік пен шығыс арасындағы 104 г р а д у с деп жазды (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). IX ғасырдың бас кезінде оны обсерваторияға басшылық етуге халиф өл Мамун Бағдатқа шақыртып алады, «Даналық үйінде» ғылыми-педагогикалық қызмет атқарады, Жер меридианының г р а д у с ұзындығын өлшеу жұмысына қатысады (А.Көбесов, Математика.). Птолемейдің «Алмагестінде» жарты г р а д у с аралатып 00тан 1800қа дейінгі хордалар кестесі келтірілген, ол 00тан 900қа дейінгі синустар кестесіне сай келеді (А.Көбесов, Математика.). Ертедегі вавилондық астрономдар санау негізі үшін алпыстық системаны алған. Сағаттың және бұрыштық г р а д у с т ы ң алпыс минутке, секундке бөлінуі де осыдан қалған болу керек (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).