[латын тілі. gradiens ] з а т е с і м. ф и з и к а л ы қ. Қандай да бір кеңістік сипаттамасы шамасының ұзындық бірлігінде өзгеруінің көрсеткіші. Г р а д и е н т ұғымы мұхиттануда, метеорологияда және т.б. кеңінен пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Су.). Физика, метеорология, мұхиттану, гидрология салаларында кеңістіктегі кейбір шаманың ұзындық бірлігіне орын ауыстырғанда өзгеруін көрсету үшін г р а д и е н т ұғымы кеңінен қолданылады; қысым градиенті, температура градиенті, ылғалдық градиенті, жел жылдамдығының градиенті, тұздылық градиенті, теңіз суы тығыздығының градиенті және т.б. (Қаз. тілі термин. Су.).