ф и з и к а л ы қ. Су қабаттарындағы қысымның өзгеруі салдарынан мұхиттар мен теңіздерде пайда болатын ағыс. Г р а д и е н т т і к а ғ ы с қысымының өзгеруі желдің әсерінен, судың лықсуы мен қайтуы, су қабаттарының тығыздығы мен су үстіндегі атмосфералық қысымның біркелкі болмауы, құрлықтан немесе көрші тұйық судан ағынның келіп қосылуы және т.б. осы сияқты құбылыстардың салдарынан болады (Қаз. тілі термин. Су.). Кориолис күшінің әсерінен г р а д и е н т т і к а ғ ы с қысым градиентінің бағытынан қашықтап, Солтүстік жарты шарда оңға қарай, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрылады (ҚҰЭ).