График

lat: Grafık

[graphikos] з а т е с і м. Қандай да бір шаманың (мыс., жолдың) басқа бір шамаға (мыс., уақытқа) тәуелділігін көрнекі түрде бейнелеуге қолданылатын сызба, яғни функцияның өзгеру сипатын көрнекі түрде көрсететін сызық. Кейбір жағдайларда функция тікелей г р а ф и к түрінде беріледі (мыс., барограф ауа қысымының г р а ф и г і н уақытқа байланысты өзгеретін функция ретінде сызады) (ҚҰЭ). Г р а ф и к т і ң түрі негізіне қандай координаталар жүйесі алынуына байланысты анықталады (ҚСЭ). Жүк машиналарының г р а ф и г і н бақылайды, қойды қолда ұрықтандырғызады (Д.Досжанов, Дария).