[грек тілі.grарһе] з а т е с і м. Бағана (қағаз бетіндегі қос сызықпен бөлінген бағана). Машинистің маршрутын алыңыз деп депо кезекшісі оған г р а ф а ғ а бөлінген бір қағазды ұсынды (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Осылай күнделікті шынықтыру процедурасын бастаған кезде ескерілетін жайттар күнделіктің әр г р а ф а с ы н а күні көрсетіліп толтырылады (Б.Хабижанов, Бала организм.). Бірінші г р а ф а д а күні, айы және жылы көрсетіледі, екінші графада азық-түлік тағамдарының ішілу уақыты жазылады (Б.Айтқожина, Бронх демікпе.).