[француз тілі. gramme] з а т е с і м. 1. Халықаралық салмақ өлшеу жүйесіндегі килограмның мыңнан бір бөлігі. Бір тонна етті ыстауға сол экстарктың жиырма г р а м ы ғана жеткілікті (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Сегіз жанға тиесілі екі кило төрт жүз г р а м м нанды таситын осы, кей кезде екі күннің талонын бір-ақ пайдалануға болады (Ә.Тарази, Басынан Қаратау.). Сонда сантиметр деген метрдің жүзден бірі, миллиметр метрдің мыңнан бірі, г р а м м - килограмның мыңнан бірі (О.Жәутіков, Жоғары математика.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Ішімдік, арац-шарап деген мағынада. Кең жауырынды Андреевтің артында тұрған Син- ченко фляғаны нұсқап, «жүз г р а м м» құйып жіберсем қайтед деп ым қақты (Б.Момышұлы, Москва). Ақырын шерт, Ақырын домбыраңды! Артық шырқап қиналма сол бір өнді. Артық нәрсе - артық жүк, Мықты болсаң, Артық ішіп көре ғой он г р а м д ы! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).