оқушылардың оқу мерзімінің белгілі бір аралығында міндетті түрде меңгеруге тиісті грамматикалық материалдар. Грамматикалық минимум екі түрі бар: активті (сөйлеу әрекетінің барлық түрінде грамматикалық метериалды қолдану қабілеттілігі) және пассивті (грамматикалық материалды оқылым мен жазылымда тану қабілетілігі). Грамматикалық минимум іріктеудің негізгі белгісіне қандай да бір грамматикалық құбылыстың қолдану жиілігі, ерекше мағыздылығы, синонимдері, формалары, грамматикалық құрылыстың үлгілігі мен типтілігі жатады. Актив грамматикалық минимум төменгі сыныптарда, пассив грамматикалық минимум жататын біршама күрделі грамматикалық құбылыстар жоғары сыныптарда оқытылады.