Гранулоциттер

lat: Granýlosıtter

цитоплазмасында арнайы түйіршіктері бар омыртқалылардың қан клеткалары, түйіршікті лейкоциттер. Түйіршіктерінің боялу қабілеті бойынша гранулоциттерді эозинофильді (қышқылды бояумен боялады), базофильді (негізгі бояумен боялады), нейтрофильді (екі топтағы бояумен боялады) деп бөледі. Ядролары сегменттелген. Омыртқасыз жануарларда гранулоциттерді түйіршікті амебоциттер деп атайды. Кейбір омыртқалыларда (құстар мен сүтқоректілердің бір қатарында) нейтрофильдердің орнында қызметі бірдей жалған эозинофильдер болады. Адам қанында түйіршікті лейкоциттер лейкоциттердің негізгі салмағын құрайды. Түйіршікті лейкоциттердің қызметі бөгде заттарды, əсіресе бактерияларды ұстап қорыту жəне иммунологиялық реакцияға қатысу.