Гранатомет

lat: Granatomet

граната лақтырғыш жеңіл соғыс қаруы, үш түрі бар. 1. Қол гранатометы бронь бұзғыш немесе жарықшақтық-фугастық гранатаны атуға арналған, алып жүруге ыңғайлы, жеңіл. Ол ұңғы, көздегіш тетік, шүріппе, тұтқа және қосымша тетіктерден тұрады. Калибрі 40 99 мм, нысана қашықтығы 400 м. 2. Винтовкалы Гранатомет винтовка ұңғысына кигізілетін арнаулы жинамалы қондырғы. Граната дәрі газының дүмпуімен лақтырылады. Танкілер мен броньды техникаға қарсы қолданылады. 3. Мылтықты гранатомет (қысқа мойынды винтовка) жаяу әскерлер, фугастық (жарықшақтық) гранатамен зақымдауға арналады.