Гравюра

lat: Gravúra

ранцуз тілі. gravure] з а т е с і м. ө н е р. Тақтаға бедерлеп салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі. Колорит суретте, г р а в ю р а д а, орнаментте, үй жағдайында бөлме әшекейінде және т.б. болады. Ол осы кездің өзінде ешкімге ұқсамайтын ашық бояуын, колоритін іздей бастайды (І.Омаров, Серпін). Кітапта қазіргі киіз үйлердің элементтері бар тұрғын жайлардың көне жылнамалар мен қолжазбалардың мұқабаларының безендірілуіне көптеп кездесетіндігі түрлі түсті суреттермен, г р а в ю р а л а р м е н нақты көрсетіледі. Олардың шығу мерзімдері біздің жыл санауымыздың басталу кезеңінен бері қарай жалғасады («Егемен Қазақстан»).