[француз тілі. gravier] з а т қ ұ р ы л ы с. Ірілігі 2-10 мм жұмырланған қиыршық сынықтардан тұратын болбыр шөгінді таужыныс. Тас қиыршықтардың басым ірілігіне қарай г р а в и й ірі (5-10мм), орта (2,5-5мм) және ұсақ (2-2,5мм) болады. Тасқиыршықтардың аралығында олардан ұсақ түйірлер болуы мүмкін. Түзіліміне қарай г р а в и й өзендік, көлдік, мұздықтық және т.б. болып сараланады (Қаз. тілі термин. Геология). [Маңғыстауда] Цемент жасауға керек құм, қиыршық тас, г р а в и й де көптеп кездеседі («Қаз. әдеб.»).