ХИКАЯТ

lat: Hıkaıat

(ар. хикайат حكايات)   

1. Хикаяның көпше түрі, оқиғалар, болған жағдайлар.

Бастан өткен сөйледі хикаятын, Жамһұр дағы жылайды жүрген бірге («Һаза кітап Мұхаммед-Ханафия». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Екінші інім менім жүзде сексен, Айтайын хикаятын бастан кешкен («Қисса самұрық». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

Күйініш бастан кешкен хикаятын, Сөйледі әуел-ақыр ләбіз ашып («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

2. Жазылған әдеби шығарма.

Бес хикаят жазармын мұнан кейін, Жария боп бұл кітабым бек танылса («Иранғайып шаһ Ғаббас». Ғашықнаме, 1976).

Жазбаққа бір хикаят қалам алдым, Жәрдем ет, Хақ, тіліме, Қадір Алла Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

3. Әңгіме.

Айтайын Атымтайдан бір хикаят, Бұл сөзге құлағың қой, көп жамағат («Атымтай жомарт». Дастандар, 1990).

Алдында патшаның ғалымдары, Хикаят сөз қозғады оның бәрі («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Хикаятты қиссаға айналдырып, Қате боп кете ме деп талды көзім («Қисса Таһир Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Хикаятты өлеңге айналдырып, Талайын шығарушы ем өлең наздың («Қисса Дандан». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).