ХИКАЯТ

lat: Hıkaıat

[ар.] зат. ескі кіт. Әдеби шығармалардың, жинақтардың аты.

Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен шығарған сөздер емес. Діннен басқа жағынан да өнеге көрсету үшін айтылады. Сондықтан хикаят тақырыбы түрлі-түрлі болады (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Мұндай да ғажап бола ма, өлген кісі қалай тіріледі? деп патша жазушыны шақырып, хикаят қылып жаздырып, қазынаға тастатты (Мың бір түн).