«Əдебиет танытқыш» еңбегінде ең алғаш қолданылған термин. А.Байтұрсынұлы діндар дəуірдің өнеге үшін шығарған əңгімелерін хикаят деп атаған. Негізі, хикаяттың тақырыбы дін ғана емес, оның тақырыптық аясы өте кең болып келеді. Ғалым молда Мұсаның дін жөнінде айтылған хикаятын мысалға келтірген.