lat: Hımıalyq
сын. Химия ғылымына, оның зерттеу нысандарына, тәсілдері мен жолдарына тән, соған қатысы бар.
– Міне, мына жердегі топырақтың химиялық құрамы бай, – деді Мария (Ж.Тілеков, Қайнар).
Қанның тыйылуы қандағы химиялық реакцияларға байланысты болады (А.Даиров, Хирург.).
Он бес күннен кейін Гуревтегі мұнай институтының химиялық лабораториясы жасаған қорытындыны алдық (Сұлтанов).
Химиялық және физикалық заңдардың да осы сегіздік жүйеге сүйенетін жақтары толып жатыр (А.Машанов).