ХАБАР

lat: HABAR

зат. 1. Біреу не бір нәрсе жөнінде жеткен қысқаша мәлімет.

Ағызып атыңның боздағын,

Бәрібір тайгадан озбадың.

Жол болсын, жолаушым?

Не хабар ? Қанеки, әңгіме қозғағын? (1,127).

Әкемізді сағынып, Хабар күтіп майданнан.

Отырушы ек қамығып,

Бір-бір жұтып айраннан (2,365).

2 . Теледидардан, радиодан берілетін күнделікті ресми ақпараттар.

Арқада, Жетісуда, Атырауда,

Алаула, Октябрьдің оты, лаула!

Орталықтан таралған хабарларды,

Ауылда ардагерлер бақылауда (3,144).

Радиодан сіздердің тыңдағандарыңыз соңғы хабарлар (4,242).