lat: HABAR
зат. 1. Болған іс, оқиға, сондай-ақ біреулердің хал-жайы жөнінде білдірілген қысқаша мәлімет.
Ісімді әурешілік пайдасыз деп,
Жоспарлап құр өтірік соқпа надан!
Ағынмен су зораяр деген қайда?
Мұндай сөз хабарыңда жоқ па надан? (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Сол күні «солдат алады» деген хабар Ертістің екі жағына тарап кетті (I.Жансүгіров, Шығ. жин.).
Жіберген жоқшылары қайтып осындай хабар әкелген соң, Жарасбай түні бойы күйіп, қорланудан тыныштық ала алмады (М.Әуезов, Қараш.).
2. ресми. Телерадио бағдарламалары арқылы берілетін ресми ақпараттар.
3. жаңа. Қолтелефон қызметі арқылы, ғаламтор арқылы екінші тарапқа берілетін, жазылатын хат.