ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКТЕРІ

lat: HALYQARALYQ QAITA QURÝ JÁNE DAMÝ BANKTERİ

БҰҰ мамандандырылған қаржылық ұйымының өкілі болып табылатын халықаралық несиелік ұйымы. 1945 жылы құрылған. Қатысушылары - 154 мемлекет. Мақсаттары - мүше мемлекеттерге басымдылықтарды белгілеуде, қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдық құрылымын жасау және бағдарламаларын орындауда көмек көрсету; қоршаған ортаға жағымсыз әсерді болғызбау жөніндегі жобаларды қаржыландыру; кедейшілікті жоюда, экономиканың пәрменділігін арттыруда және қоршаған ортаны қорғауда көмек көрсету; Ғаламдық қоршаған орта қорына қатысу. Негізгі қызметі саяси диалогты қалыптастыру, техникалық көмек көрсету, ғылыми зерттеулер жүргізу және қаражаттық көмекті үйлестіру.