қарулы қақтығыстар мен ішкі тәртіпсіздіктердің салдарынан зардап шеккендерді, күзетке алынған адамдарды қорғаумен және көмек көрсетумен айналысатын тәуелсіз және бейтарап ұйым. Штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан, дүниежүзінің 80-нен астам елінде өкілдіктері бар, 12 мың адам жұмыс жасайды. Халықаралық қызыл крест және қызыл ай халықаралық қозғалысы бір жарым ғасыр бұрын құрылған. Оның негізгі ұстанатын қағидаты: тіпті соғыста да әскери әрекетті жүргізу мен соғысушылардың мінез-құлқын шектейтін әдіс-тәсілдер мен құралдар болады. Осы қағидатқа негізделген ережелердің жиынтығы негізінде Женева конвенциясы жататын халықаралық гуманитарлық құқықты құрайды. Женева конвенциясына қатысушылар саны 192 мемлекетке жетіп отыр.