ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗЫЛ КРЕСТ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

lat: HALYQARALYQ QYZYL Kres JÁNE QYZYL JARTY AI QOǴAMYNYŃ FederasıaSY

соғыста жараланғандарға, әскери тұтқындарға және басқа да соғыс құрбандарына, сондай-ақ табиғи зілзалалардан ауру болғандар мен зардап шеккендерге жәрдем көрсетуді мақсат тұтатын ұлттық және халықаралық ұйымдардың бірлестігі. Халықаралық қызыл крестке Қызыл крест және қызыл Жарты ай ұлттық қоғамына, Қызыл крест қоғамдарының лигасына, Қызыл крест Халықаралық комитетіне кіреді. Халықаралық қызыл крест жоғарғы органы Халықаралық конференция. Штаб-пәтері Женевада, Швейцарияда орналасқан.