ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ

lat: HALYQARALYQ TİL

Әр басқа мемлекеттің Халықтарының өкілдері үшін қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын Тіл. Халықаралық тіл екі түрге бөлуге болады: табиғи Халықаралық тіл бір мезгілде белгілі бір халықтың қарым-қатынас құралы қызметін жəне халықтар арасында қарым-қатынас құралы қызметін атқарады; жасанды Халықаралық тіл халықтар арасында қарым-қатынас үшін арнайы жасалған тіл, табиғи тілдің орнына жүреді, мыс., волапюк, идо, эсперанто (қар. Мемлекеттік тіл, Ұлтаралық қатынас тілі, Əлем тілдері, Ресми тіл, Тіл).