lat: HALYQARALYQ TASYMALDARǴA SALYQ SALÝ
халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға; халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаждарды тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
Егер тасымалдауды рәсімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистральдық құбыржол жүйесі бойынша тасымалдау экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде рәсімделген кедендік жүк декларациясын табыстай отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер танылады.
Импортталатын тауарларды (поштаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, багажды) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.