зат. тар. 1. Хандық мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі. Ақынның да, алапат батырдың да, Зергердің де, зейінді пақырдың да, Қараның да, ханның да, төренің де, Табыттары тұншығып жатыр құмда (2,349). Арғы атасы ақынның жырдан туған, Жыр жолында жанын да қылған құрбан. Жырлар тұнған хандардың сарайында, Жыр айтылған есікте құлдар тұрған (2,372). 2. ауыс. Күш иесі, әмірші. Махаббаты, сені есіме алғанда, Менен күшті бұл жалғанда хан бар ма?! (4,21). Ару пішін, қатал бірақ арыны, Табиғатты сомдап соққан жан – ұлы. Ақ арудай сұлу-ақсың, сатпайсың, Жүрегімнің ханы әрі ханымы (4,16).