ХАН

lat: HAN

(пар. хан خان) билеушінің титулы.

Ахметбек ханнан басқа керекмес, Жүрек жағы медетімнен айрылдым Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

Бозұғлан ханнан ел алмақ, Ойлады беглер талаптыАхметбек - Жүсіпбек қиссасы». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

Жаман болса ол істі қойдым, дейді, Ханнан алып олжаға тойдым, дейді («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Қаһарлы ғаділ ханнан соң, Әйелдің көркі не болар («Ахметбек - Жүсіпбек қиссасы». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

Хан болмақлық мәртебелеріге хандық дәрежеге, хан болып сайлануға.

Бұ Нұралы сұлтанны аталары Әбулхайыр хан орныға үлкен хан болұрға уә һәм шол аталарының үлкен хан болмақлық мәртебелеріге иарылханұб биұрұлса болса ерді (1748 жылы кіші және орта жүз старшиналарының Нұралыны хан сайлау үшін патша атына жазған өтініші).

Хан иасарға хан қылып тағайындауға.

Иүз чақырым иерге барұб орұсның кеңеш илән хан иасарға деб біз мәшруңе келіб едүк (1794 жылы кіші жүз сұлтандары мен старшиналарының ІІ Екатеринаға жолдаған өтініші).