lat: HANA
(пар. хане خانه)
1. Үй, жай, орын.
Енгізіп құрметпенен қаласына, Кіргізіп мейман күтер ханасына («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Ләйлі сөз айтқан емес анасына, Отырған келді анасы ханасына («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Мен кірдім баламды алып ханасына, Емізген көзім түсті баласына («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
2. Жаңа сөз жасауға қатысатын қосымша.
Аурухана – аурулар жататын орын.
Ішінде аурухана келді Сина, Кісідей инабатты жүрген жай-ақ («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Гүл хана – гүлді, гүлденген орын.
Сөз қайтар қағазыма қара-дағы, Миуа едің, иісті гүл ханадағы («Кете Жүсіп Ешниязов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).