ХАНЫМ

lat: HANYM

зат. 1. Ханның әйелі .

Ерігі мен әмірін ол орындатқан тамұққа,

Елу рет сол ханымды көргеніңше жарықта,

Оңай емес екенін де ойланарсың табытта (5,49).

2. ауыс. Сыпайылық таныту үшін әйел адамдарға қарата айтылатын қаратпа сөз.

Ей, менің хандарым мен ханымдарым!

Гүлгүлім! Гүлгүлімді қабылдағын!

Жаңа ұрпақ келсін мейлі, жаңа ғасыр,

Ей, жастық. Жоғалмайсың, жаңарасың.

Жаңа жылға бергенде қонақасы,

Мені есіңе ал, жастықтың тамадасы? (2,234).