ХАНЫМ

lat: HANYM

(пар. ханым خانم)   

1. Ханның әйелі.

Онан кейін ханымға хабар берді, Сарайдан жүгірумен о да келді Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).

Ханымы патшаның хәмлә болды, Айтайын бір перзент көрген кезін («Қисса Сейпілмәлік шаһзада Бәдіғұлжамал перізат». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

2. Зайып, жұбай.

Меккеден имам келіп, құтпа оқып, Некелі ханым болды қос бұраң бел («Қисса Баһрам». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).

Таһирға бұл ханымның көңілі толмай, Уағдасын ерінің мақұл қылмай («Қисса Таһир Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).