ХАРД-ДИСК

lat: HARD-DISK

винчестер; дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы; магнитті жазбаға негізделген есте сақтау құрылғысы. «Иілгіш дискіден» басты ерекшелігі ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан.