ХЕЛАЛ

lat: HELAL

жар, жұбай, қосақ, зайып. Қазақ фольклорлық жырларында кеңінен қолданылып, «халал» нұсқасында да берілген. Шығармаларда «әйелдікке алу» дегенді білдіретін «халалдыққа алу», «әйелдікке сұрау» дегенді білдіретін «халалдыққа сұрау» сөздері жиі кездеседі.