lat: HOR
зат. Музыкалық шығарманы қосылып орындайтын әртүрлі дауысты әншілер тобы.
Ақын бұл сөзді «шуыл»,
«у-шу» деген мағынада қолданған.
Сезіндім: мұң-наланың көшін көрдім
, Сойқанын соғыс салған кесірлердің.
Қолдан келер айла жоқ, қосылдым тек,
Хорына жетімдер мен жесірлердің (1,263).
Көлшікте, біздің іргеде,
Бақаның хоры басталған.
Күн де, айлы түнде де,
Сорғалап нұр тұр аспаннан (3,240).