ХОРДАБҰРЫШ

lat: HORDABURYSH:

Хордабұрыш өлшеуіш. әск. Бұрыштарды өлшеп салу және картада қашықтықты өлшеп, сызу үшін қолданылатын құрал.

Хордабұрыш өлшеуіш металл пластинкадан жасалып, оның бір жағына бұрыш өлшеу бөліктері бар бұрыштық хорда графигі түрінде хордабұрыш өлшеуіш, ал екінші жағына екі көлденең масштаб салынған (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Хордабұрыш өлшеуішпен жұмыс жүргізу үшін циркуль өлшеуішті қолданады. Онымен жұмыс жүргізу кезінде: циркуль инесін және графиктер сызығын бүлдіріп алмау үшін абайлап жұмыс істеу, графикада пластинканың жазықтығына циркульді тік қою, циркуль инелерінің ұзындығы бірдей және үшкір болуын қадағалау, аспапты таза ұстап, майысу, сызылудан сақтау керек (Қаз. тілі термин. Әскери.).