ХОШ

lat: HOSH

ир. зат. Көңілдің жайдары, ризалық жай-күйі; зауық.

Қос досым тұр қасымда қос қанатым,

Қос жүрек тұр менімен қос соғатын

. Екеуінің енгенде ортасына,

Құлазыған көңілім хош болатын (1,264).

Зеңгір көгім, жер-суым жан сырласым,

Сендер барда көңіл хош, қамсыз басым.

Өлер-өсер төсінде барлығы да,

Зеңгір көгім, жер-суым таусылмасын (2,77).