HTTP

lat: HTTP

(ағылш. HyperText Transfer Protocol — «гипермәтінді жіберу хаттамасы»)

– деректерді жіберудің қолданбалы деңгейінің хаттамасы (алғашында – HTML форматындағы гипермәтіндік құжаттар түрінде, қазіргі таңда еркін деректерді жіберу үшін қолданылады). HTTP негізінде «клиент-сервер» технологиясы жатыр, яғни қосылуға бастамашылық жасап, сұрату жіберетін пайдаланушыларды (клиенттерді) және сұратуды қабылдау үшін қосылуды күтетін, қажет іс-әрекеттерді атқаратын және хабарламаны нәтижесімен бірге кері қайтаратын жеткізушілерді (серверлерді) қажет етеді.