Халықтың орналасуы

lat: Halyqtyń ornalasýy

Белгілі бір алеум, ортада тіршілік ететін адамдар тобының жалпы адамзаттың, елдер тобының, жекелеген елдердің ішіндегі нақты бір мекендерге дейінгі түрлі аймақтық бөлімшелердің жиынтығы. Философиялық - социал тұрғыдан алғанда халықтың орналасуы қоғамдық өндірістің субъектісі және сонымен бірге объектісі деп саналады. Саяси экономикада халықтың орналасуы еңбек ресурстарының көзі және тұтыну объектісі; демографияда оның, жасы және жынысы жағынан әртүрлі адамдар ұрпақтарының шоғырлануы: демографияда белгілі бір территория шеңберінде орналасқан және орын ауыстыратын сол адамдар тобының жиынтығы. Аталған ғылым салаларының зерттейтін басты мәселесі халық санының өсімі. Халық есімі бір жағынан, адамдардың тіршілік әрекетінің өзгеріп отырған жағдайлары.