1) мөр, мөр басу, мөрлеу. 2) аяқтау, бітіру, оқып шығу, бастан-аяқ жатқа білу. 3) ауыс. үлес, сыбаға. Үлгілі сөз шығады сабырлы ерден... Білгенсіп шариғаттан сөз айтасың, Келіп ең хатым қылып қайсы жерден (Ақан сері). Оқуды бүгін бітіріп, ғылымды хатым қылсаң да, бір тиын шығарып әперетін кітабым жоқ, – деді ол (С. Торайғыров). Кейбір намазқой діндар кәрілер мен шала сопы, молдалар Абай үйіне қонып отырып, – Шариғат жайын оқып отырады екен-ау бұл кісі, әлде әруақтарға құран хатым қылып жатыр ма екен! – десетін (М. Әуезов). Айттық, құрбандық, жаназа, хатым, підия сияқтыларға имамдар өздері қатынаспаса да, оларға дербес «имамдық сыбаға» қойылу міндетті болған («ҚАЗАҚ СОВЕТ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ»).